
«ЕСЕП ЖӘНЕ ТАЛДАУ» КАФЕДРАСЫ ТУРАЛЫ
«Есеп және талдау» кафедрасы 2004 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми Кеңесінің шешімімен бұрынғы «Қаржы және есеп» кафедрасының таратылып, екі дербес кафедраға бөлінуінің нәтижесінде «Есеп, аудит және талдау» кафедрасы болып құрылды.
Кафедраның құрылуы мен дамуына көп үлес қосқан алғашқы кафедра меңгерушісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Нурхалиева Дюльпарис Мусакуловна және бастапқы құрамына мүше болған 5 адам: Тажикенова Сапия Каргабаевна - э.ғ.к, доцент; Абдрахманов Сатубай Хаджимуратович – аға оқытушы; Жунусова Раушан Болатовна – аға оқытушы; Рейдолда Саулегул – аға оқытушы; Ерсеитова Хадиша Абдразаковна – аға оқытушы. 2004 жылы кафедрадан алғашқы мамандар дайындалып, оқытушылар құрамы үздік түлектермен толықтырылды: Аханова Назгуль Ермековна; Искакова Айгуль Болатбековна; Омарова Гульназ Муратовна; Чебодаева Амина Михайловна.
Кафедра жетекшілігі әр кезеңде есеп және аудит саласының атақты ғалымдарымен жүзеге асырылып отырды. Олар:
э.ғ.д., профессор Сейдахметова Фавзия Сихимбаевна – 2006-2008ж.ж;
э.ғ.д., профессор Арзыбаев Атабек Алибекович – 2008-2009ж.ж.;
э.ғ.д., профессор Аленова Карлыгаш Толебаевна – 2009-2011ж.ж;
э.ғ.к., доцент м.а. Сапарбаева Сауле Саулебаевна – 2011-2012ж.ж;
э.ғ.д., доцент Садвокасова Куляш Жабыковна - 2012-2013ж.ж.
э.ғ.к., доцент Алибекова Балшекер Ашыкбаевна – 2013-2017ж.ж.
э.ғ.к., доцент Бейсенова Ляззат Зияденовна – 2017-2018ж.ж.
э.ғ.к., доцент Кайранбеков Бауыржан Окташевич – 2018-2019ж.ж. 1 жж
2019 жылдан бастап кафедраға экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Аманова Гульнара Дюсембаевна жетекшілік етеді.
5 оқытушысы ҚР БҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантын жеңіп алды. 5 оқытушы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын иегерлері ретінде әлемнің алдыңғы қатарлы ЖОО-да ғылыми-педагогикалық тағлымдамадан өтті
2014 жылдың мамыр айында кафедраның барлық мамандықтары 5 жылға Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР) ұлттық аккредитациялық агенттігінде арнайы аккредитациядан өтті.
«Есеп және талдау» кафедрасының мамандықтары тұрақты түрде рейтинг өткізу агенттіктерінің үздіктер қатарынан орын алып келеді. 2016 жылы кафедраның 5В050800 - «Есеп және аудит», 6М050800 - «Есеп және аудит» мамандықтары Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiнің (НКАОКО) рейтингісінде – 1 орынға; Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (НААР) рейтингісінде – 3 орынға ие болды. 2017 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (НААР) рейтингісінде– 6М050800-Есеп және аудит мамандығы 2 орынды иеленді.
2019 жылы кафедра даярлайтын мамандықтың екі деңгейі 5В050800-Есеп және аудит, 6М050800-Есеп және аудит 7 жылға халықаралық аккредитациялаудан сәтті өтті.
2019 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (НААР) рейтингісінде– 6М050800-Есеп және аудит мамандығы 3 орынды иеленді және 5 жылға мемлекеттік аккредитациялаудан сәтті өтті.
2018 жылы «Есеп, аудит және талдау» кафедрасы екіге бөлінді: «Есеп, аудит және талдау» кафедрасы және «Мемлекеттік аудит».
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының 2018 жылы 02 қарашадағы №2043-ЖК бұйрығы бойынша «Есеп, аудит және талдау» кафедрасының атауы «Есеп және талдау» кафедрасы болып өзгертілді.
Кафедраның профессор-оқытушылық құрамы: 2019-2020 оқу жылында "Есеп және талдау" кафедрасының құрамында болған өзгерістерге байланысты кафедрада 12 оқытушы жұмыс істеді: қауымдастырылған профессорлар: Аманова Г.Д., Сапарбаева С.Т.; доценттер: к.э.н., Кайранбеков Б.О., Акимова Б.Ж., Молдашбаева Л.П., PhD докторы: Жолаева Р.А. аға оқытушылар: Рейдолда С., Данаева Р.С., Бекбулатова А.Т., Ильяс А.К., Оспанова Э.О.
Аға оқытушы Ильяс А.К. докторлық диссертациясын Испанияда қорғап, PhD доктор атанды.
Қазіргі кезде кафедрада 12 оқытушы қызмет атқарады, оның ішінде – 6 э.ғ.к., 2 PhD, 4 аға оқытушы, магистр. Кафедраның дәрежелік деңгейі - 66,7%.
Кафедра мамандарды дайындауды келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
- 6В04104 – Есеп және аудит (бакалавриат);
- 7М04108 - Есеп және аудит (магистратура);
- 8D04104 - Есеп және аудит (докторантура).
2021-2022 оқу жылында «8D04108 – Есеп және аудит» PhD докторантураны ашылды.
Білім беру бағдарламасы ғылыми және басқарудың жоғары буыны үшін тәжірибелік жұмыскерлерді дайындау, сол сияқты кәсіби қызметі, ғылыми зерттеулер жүргізумен, тиімді басқару шешімдерін өңдеумен және жүзеге асырумен байланысты, есеп, талдау және аудит облысында жоғары білікті мамандарды, ғалымдар мен ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаумен айналысатын бухгалтерлік есеп және талдау облысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (PhD докторлары) сферасында ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау үшін арналған.
