

Миссия: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін білім, инновациялар мен шешімдер жасауға қабілетті бәсекеге қабілетті экономистерді, сервистік индустрия мамандарын және зерттеушілерді даярлау.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Экономика және туризм жоғары мектебі университеттің ірі оқу-ғылыми құрылымдарының бірі болып табылады және экономика, қаржы, басқару, мемлекеттік аудит пен қонақжайлылық индустриясы салаларында жоғары білікті мамандар даярлайды.
Экономика факультеті 1996 жылы құрылған, ал 2025 жылдың желтоқсанында Экономика және туризм жоғары мектебіне айналды. Қазіргі уақытта Жоғары мектепте 111 оқытушы еңбек етеді, оның ішінде 12 ғылым докторы, 45 ғылым кандидаты және 35 PhD, ғылыми дәрежелілік деңгейі 82%.
Білім беру бакалавриат, магистратура және PhD докторантура деңгейлерінде жүзеге асырылады. Бакалавриатта менеджмент, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит, кәсіпкерлік және бизнес экономикасы, қаржы, мемлекеттік аудит, сондай-ақ туризм және мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесі бағыттары бойынша мамандар даярланады. Магистратура экономика, халықаралық бизнес және стратегиялық сауда бақылауы, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, инновациялық менеджмент, туризм, мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесі және мемлекеттік аудит салаларында терең кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. PhD докторантурада экономика, қаржы, есеп және аудит, инновациялық менеджмент, жобаларды басқару, мемлекеттік аудит және туризм бағыттары бойынша ғылыми-педагогикалық кадрлар даярланады.
Ғылыми-зерттеу қызметі тұрақты дамуда. Қазіргі уақытта 21 ғылыми жоба жүзеге асырылуда, ал 2023–2025 жылдардағы ғылыми қызметтен түскен табыс 827 млн теңгеден асты. Оқытушылардың еңбектері Web of Science және Scopus базаларында жарияланады. «ЕНУ хабаршысының Экономикалық сериясы» ғылыми журналы шығарылады.
Жоғары мектеп халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытады. 500-ден астам білім алушы шетелдік оқу және ғылыми тағылымдамаларға қатысты. Франция, Қытай, Ресей, Ирландия және Қырғызстан университеттерімен бірлескен және қос дипломды бағдарламалар іске асырылуда.
Негізгі халықаралық жоба — Нанкай университетімен ынтымақтастық. Бұл жоба аясында Қытайдан 180 магистрант ЕҰУ-дың «Экономика» және «Халықаралық бизнес және стратегиялық сауда бақылауы» бағдарламалары бойынша ЕҰУ дипломын алу арқылы білім алуда. Бағдарламалар ҚХР Білім министрлігінің ресми аккредитациясынан өтті.
Оқу үдерісі тәжірибеге бағытталған және дуальды оқыту қағидаттарына негізделіп, мемлекеттік органдармен, ғылыми орталықтармен және сала кәсіпорындарымен бірлесіп жүзеге асырылады.

Экономика және туризм жоғары мектебінің директоры, э.ғ.к., профессор
Мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан к-сі, 11, ОЗК, 611 аудиториясы
Жұмыс телефоны: 709-528, ішкі: 32-600
E-mail: zhagyparova_ao@enu.kz

Экономика және туризм жоғары мектебінің директорының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан к-сі, 11, ОЗК, 611 аудиториясы
Жұмыс телефоны: 709-528, ішкі: 32-666
E-mail: yespenbetova_ba@enu.kz

Экономика және туризм жоғары мектебінің директорының студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі
Мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан к-сі, 11, ОЗК, 611 аудиториясы
Жұмыс телефоны: 709-528, ішкі: 32-605
E-mail: tazhibayaeva_zho@enu.kz


