
Халықаралық ынтымақтастық
2019 жылы 13-17 мамыр аралығында Братислава қаласының Экономика университетінің PhD, профессоры Зузана Кубасчикова (Словакия) Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде 6М050800-«Есеп және аудит», 5В050800-«Есеп және аудит» мамандықтарының білім беру бағдарламасына сәйкес «Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша сабақ жүргізуге шақырылды. PhD, профессоры Зузана Кубасчикова мынандай тақырыптар бойынша дәріс оқыды: Introduction to International Accounting, Institutional setting, accounting systems in the world; Assets, liabilities and equity; Leases; Revenues, expenses, profit/loss; Process of double entry bookkeeping, preparation of journals and ledger accounts, annual account and financial statements; Forensic Accounting (Benford´s Law).
"Есеп және талдау" кафедрасының оқытушылары Сапарбаева С.Т. мен Туребекова Б. О. Абант Иззет Байсал университетінде (Түркия) "Жаһандану жағдайында жоғары білім беруді дамытудың жаңа аспектілері" бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.Тағылымдама барысында Халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, профессор, доктор Мұстафа Яманмен (Prof. Dr. Mustafa YAMAN) кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ғылыми зерттеулер саласындағы университеттер арасындағы ықтимал ынтымақтастық және студенттер мен ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ғылыми тағылымдама нәтижелері бойынша С.С. Сапарбаева мен Б.О. Туребековаға сертификаттар табыс етілді.
Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 20 - 23 наурыз аралығында Ресей халықтар достығы университетінің экономикалық факультеті мамандықтарының білім беру бағдарламалары аясында "Бухгалтерлік есеп, аудит және статистика" кафедрасының пәндері бойынша «Есеп және талдау» кафедрасының оқытушылары э.ғ.к., Сапарбаева С.С., э.ғ.к., Акимова Б.Ж., э.ғ.к., Туребекова Б.О. дәріс оқып, практикалық сабақтар өткізді. "Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит" саласы бойынша 3 курс студенттері үшін экономика ғылымдарының кандидаты, профессор С.С. Сапарбаева "Қаржылық есептілікті ұсыну" тақырыбында дәріс оқыды. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Әкімова Б. Ж. "ҚР-да еңбекақы төлеуді ұйымдастыру" тақырыбында дәріс өткізді. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Төребекова Б.О. ұйымдастыруымен "Орташа шамалар" тақырыбы бойынша 2 курс студенттеріне дәріс оқыды.
Кафедраның бастамашылығымен 25.04.2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен РФ Үкіметінің жанындағы Қаржы университі арасында түсіністік Меморандумға қол қойылды. Меморандум шеңберінде 2015 жылы қараша айында «Қаржы және салық құқығы» кафедрасының доценті Т.Д.Мықтыбаевпен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына, магистранттар мен студенттерге дәріс және мастер-класс өткізілді. Кафедра алдынғы жылдары жасалған халықаралық ынтымақтастық келісім-шарттар мен меморандумдар негізінде түрлі бірлескен іс-шараларды, білімгерлердің шетелдік тағлымдамаларын, академиялық ұтқырлығын белсенді жүзеге асыруда.
2018 жылы 14-17 наурыз аралығында кафедра доценттері Туребекова Бажан Отемаратовна, Акимова Бибигуль Жармухамедовна және Сапарбаева Сауле Саулебаевна академиялық ұтқырлық шеңберінде Рейсейдің халықтар достастығы университетінде дәріс оқыды және тәжірибелік сабақттар өткізді.
2016 жылдың сәуір айында университеттің ғылым декадасы шеңберінде, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 20-жылдығына орай ЭРАСМУС МУНДУС бағдарламасымен келген Варшава жаратылыстану ғылымдары унивеситетінің (Польша) профессоры Алина Даниловская «The problem of public deficit and debt in modern world» тақырыбына қонақтық дәрістер және «Convergence in theory andin real terms» тақырыбында мастер-класс өткізді.
2016 жылы 29 қарашадан 11 желтоқсан аралығында "Есеп және талдау" кафедрасының доцент м.а. Туребекова Бажан Отемаратовна Варшаваның жаратылыстану университетінде (Польша) «Economic reforms and development of agribusiness in Kazakhstan» тақырыбында дәріс оқыды. Польшаға бару сапары білім саласындағы академиялық ұтқырлықты қолдауға бағытталған Еуропалық орталықтың «Эразмус+» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылды.
2016 жылдың мамыр айында (Краков экономикалық университеті (Польша), Оңтүстік федералдық университеті (РФ), Алтай мемлекеттік университеті (РФ), Сочи мемлекеттік университеті (РФ) шетелдік әріптестер 9 Астана экономикалық форумы аясында «Жаһандану жағдайында жаңа индустрияландыру – Қазақстанның экономикалык өсуінің драйвері» жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының «Жаһандану жағдайында ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында бухгалтерлік есеп және аудит жүйесін дамыту бағыттары» секциясын өткізуге ат салысты.
2015 жылдың желтоқсан айында кафедра ғалымдары, 5В050800, 6М050800 - «Есеп және аудит» мамандығының білімгерлері Солтүстік –Кавказ университетіндегі әріптестермен (Блудова С.Н., Журавлева Е.П., Адинцова Н.П., Черномордов Л.И., Чепракова Т.Н.) бірге «Совершенстование налогообложения как фактор экономического роста» атты VII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, нәтижесінде 7 бірлескен ғылыми мақала жариялады.
2015 жылдың қазан айында 4 әріптес ЖОО (Сочи мемлекеттік университеті, Сочи қ. (РФ); Оңтүстік федералдық университеті, Ростов на Дону қ., (РФ); Алтай мемлекеттік университетінің Экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер халықаралық институты, Барнаул қ., (РФ); Мәскеу гуманитарлық-экономикалық институтының Ставропольдағы филиалы, Ставрополь қ. (РФ) қатысуымен «Совершенствование учета, аудита и анализа в условиях современных интеграционных процессов» атты халықаралық онлайн-конференциясы өткізді.
Соңғы үш жылда 6М050800 - «Есеп және аудит» мамандығының магистранттары Еуропа, Азия және ТМД жетекші университтерінде (Малайзия Технологиялық университеті, Люблин к. Техникалық университеті, А.С.Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университеті, Халықтар достығы Ресей университеті және т.б.) ғылыми тағлымдамадан өтті. 6М050800 - «Есеп және аудит» мамандығының магистранты Рахманова А. 2015-2016 оқу жылының көктемгі семестірінде Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде Александру Иоан Кузы университетінде (Яссы к., Румыния) академиялық ұтқырлықпен оқып келді.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында кафедра халықаралық онлайн-пікірталастар, конференциялар және басқа да іс - шараларды өткізуге «G-global» коммуникативтік алаңын және Астана экономикалық форумы шеңберін тұрақты пайдалануда.
