Практика
Практика білім жүйесінде мамандандырылған жоғарғы оқу жоспарының негізі болып табылады және Мемлекеттік жалпыға ортақ білім стандартының шарттарына сай барлық оқыту жүйесінің жоспарына қосылады.
Практиканың негізгі жоспары болып кәсіпорын немесе ұйымдарда, болашақ мамандық қызметіне сай, практикалық, оқу және өндірістік тапсырмаларды орындау болып табылады. Ол өндірістік шарттарда практикалык дайындығы мен теориялық білімін тиімді сәйкестендіруге мүмкіндік береді және таңдалған мамандығы бойынша білім аушыларға мамандануына, білімдерін жетілдіріп, дағдылануға бағыт береді.
Бакалавриат және магистратураның білім алушылары оқу, өндірістік, диплом алдындағы, педагогикалық және ғылыми зерттеу практикаларынан өтеді. Кəсіби тəжірибенің əрбір түрі кәсіби мақсаттардың тиісті негізін айқындайтын мақсаттарға, тапсырмаларға жəне бағдарламаларға ие. Практика мазмұны бойынша бейіндік профильді, практиканың түрін, ұйымның сипатын, технологиялық процесті және практика объектісін сипаттайды.
Оқытылатын мамандық бейініне сәйкес келетін ұйымдар (немесе туыстас ұйымдар), немесе әр түрлі меншік формасындағы шаруашылық ірі және орта бизнес субъектілері өндірістік тәжірибе базасы бола алады.
Өндірістік тәжірибе базасы болып білім алып отырған мамандық саласына сай кәсіпорын болып табылады.
Кәсіпорындарда қызмет бағыттары бойынша тәжірибе базасы ретінде бірнеше түрлі нұсқалары болуы мүмкін, экономика секторы саласындағы түрлі кәсіпорындар (қазба жұмыстары, қайта өңдеу, құрылыс, түрлі қызмет көрсетуші және т.б);
Кәсіпорынның нақты түрі – тәжірибе базасы әрбір білім алушы үшін университет бұйрығымен жеке бекітіледі
Бүгінгі таңда 6В04104 – Есеп және аудит, 7М04104 - Есеп және аудит және 8D04105 – есеп және аудит мамандығы білім алушыларының кәсіби практикасы ұйымдарда/мекемелерде, ҚР жетекші ұлттық компанияларында, ҚР Министрліктерінде, мемлекеттік мекемелерде, ғылыми-зерттеу институттарында, AҚ, ЖШС-нен өтеді.

Еңбекпен қамту
6B04104 «Есеп және аудит» және 7M04104 «Есеп және аудит» ББ жұмыс берушілер тізімі 2025
6B04104 «Есеп және аудит» және 7M04104 «Есеп және аудит» ББ жұмыс берушілер тізімі 2024
6B04104 «Есеп және аудит» және 7M04104 «Есеп және аудит» ББ жұмыс берушілер тізімі 2023
2024 - 2025 ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫ
2023 - 2024 ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫ
2023 - 2024 ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2022 - 2023 ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ
2022 - 2023 ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2021 - 2022 ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫ
2021 - 2022 СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЕНГІЗУ АКТІСІ
2021 - 2022 ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2021 - 2022 ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ
2020 - 2021 ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫ
2020 - 2021 ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ТІЗІМІ
2020 - 2021 ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ
2020 - 2021 ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2019 - 2020 ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫ
2019 - 2020 БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕНКЕСІ БОЙЫНША ЕСЕБІ
2019 - 2020 ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ
2019 - 2020 ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2021 ТҮЛЕКТЕР МАГИСТРАТУРА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ
2021 ТҮЛЕКТЕР БАКАЛАВРИАТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ
2020 ТҮЛЕКТЕР МАГИСТРАТУРА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ
2020 ТҮЛЕКТЕР БАКАЛАВРИАТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ
2019 ТҮЛЕКТЕР МАГИСТРАТУРА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ
2019 ТҮЛЕКТЕР БАКАЛАВРИАТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ
2022 түлектердің түйіндемесі
2022 түлектердің түйіндемесі
2022 түлектердің түйіндемесі
2022 түлектердің түйіндемесі
«Есеп және аудит» мамандығын бітірушілерін жұмыспен қамтамасыз ету мақсаты жұмыс орындарын жас мамандармен қамтамасыз ету, бітірушілердің біліктілігін жүзеге асыруды қамтамасыз ету, заманға сай мансап құру, экономикалық қызметтің әр салаларының қажеттілігін жоғары білікті кадрлармен қамту, университет рейтингісін көтеру. Студенттер мен бітірушілерді жұмыспен қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мынандай:
- кафедраның студенттері мен бітірушілерін жұмыспен қамту саласындағы ұйымдармен достық қарым-қатынас ортану;
- жұмысқа орталастыру үшін студенттер мен бітірушілерден кадрлар резервін құру;
- студенттері мен бітірушілеріндің жұмысқа орталастыру мен жұмысбастылық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
Университеттің кәсіпорындармен өзара қарым-қатынасы – еңбек нарығында университет түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді механизмі болып табылады.
27.04.2022 жылы Университеттің және «Есеп және талдау» кафедрасының 2021-2022 оқу жылы түлектерін (бакалавриат/магистратура/докторантура) жұмысқа орналастыру бойынша бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес «Бос орындар жәрмеңкесі-2022» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – кафедраның түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу үшін кафедраның әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы бизнес құрылымдарымен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастығы үшін жағдай жасау болды.
«Бос орындар жәрмеңкесі-2022» іс-шарасын дайындауда «Есеп және талдау» кафедрасында жұмыстар атқарылды.
«Есеп және талдау» кафедрасының меңгерушісі Аманова Г.Д. және «Есеп және талдау» кафедрасы бойынша түлектерді жұмыспен қамтуға жауапты Бекбулатова А.Т. және 4 курс топтарының кураторы Садуакасова К.Ж. жұмыс берушілердің базасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жасалып, әр түрлі компаниялардың жұмыс берушілері шақырылып, түлектерді жұмысқа орналастыруға байланысты, потенциалды жұмыс берушілерге түлектер жайлы мәлімет беру және түлектерге еңбек нарығындағы бос орындар туралы мағлұмат беру мақсатында кездесу өткізілді.
Кафедра атынан бос орындар жәрмеңкесіне шақырылған жұмыс берушілердің деректері берілді. «Есеп және талдау» кафедрасынан «Бос орындар жәрмеңкесі -2022» іс – шарасына Қазақстан Бухгалтерлік қызмет көрсету орталығының директоры - Ахметжанов Анвар Айтказыевич қатысты. «Есеп және талдау» кафедрасының атынан 2022 жылғы бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне келесі жұмыс берушілер қатысты: HR менеджері Давлатова Алия Азатовна «Mn Partners» ЖШС, « 1С – Батыр» ЖШС серіктестік желіні дамыту бойынша Менеджер Бериккарина Камила Досымовна қатысты.
Жәрмеңкеде бұл жұмыс берушілер түлектермен кездесіп, келіссөз жүргізіп, компания қызметі туралы ақпарат ұсынды, бос орындар лауазымы бойынша болжамды жалақы, атқаратын қызметі, жұмысшылардың құқықтары мен мансаптық өсу жайлы сөз қозғады. Түлектер барлық қажетті ақпараттар мен өз сұрақатрына толықтай жауап алды.
Жұмыс берушілер бос орындар лауазымдары жайлы одан әрі көбірек мәлімет беру үшін келесі сұхбаттасу күні мен уақытын таңдады. Жұмыс берушілерге түлектрдің түйіндемелері беріді.
Бұл іс-шара жоспарға сәйкес өткізілді және оның мақсатына қол жеткізілді, атап айтқанда, жұмыс берушілер мен түлектердің кездесуі олардың өзара тиімді ынтымақтастығы мақсатында өткізілді.
Жұмыс берушілер Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Бос орындар жәрмеңкесі 2022» іс-шарасына белсене қатысты.
«Бос орындар жәрмеңкесі 2022» іс-шарасына «Есеп және талдау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері, 2 курс магистранттар қатысты, түлектер жұмыс берушілерден пайдалы ақпарат алып, өз түйіндемелерін кәсіпорындарға жіберді.
Қатысқан түлектер саны – 22, олардың ішінде жұмыс берушілермен сұхбаттасқандардың саны – 21.
Жұмыс берушілер түлектердің түйіндемелерімен танысып, әрбіреуімен алдын-ала сұхбаттасуды өткізіп, кәсіпорындарында өткізілетін конкурстарға қатысу үшін түлектердің түйіндемелерін таңдап алды.
Бұл іс-шара жоспарға сәйкес өткізілді және оның мақсатына қол жеткізілді, атап айтқанда, жұмыс берушілер мен түлектердің кездесуі олардың өзара тиімді ынтымақтастығы мақсатында өткізілді.
29.03.2019 жылы Университеттің және «Есеп және талдау» кафедрасының 2018-2019 оқу жылы түлектерін (бакалавриат/магистратура/докторантура) жұмысқа орналастыру бойынша бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес «Бос орындар жәрмеңкесі-2019» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – кафедраның түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу үшін кафедраның әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы бизнес құрылымдарымен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастығы үшін жағдай жасау болды.
«Бос орындар жәрмеңкесі-2019» іс-шарасын дайындауда «Есеп және талдау» кафедрасында жұмыстар атқарылды.«Есеп және талдау» кафедрасының меңгерушісі Аманова Г.Д. және «Есеп және талдау» кафедрасы бойынша түлектерді жұмыспен қамтуға жауапты Бекбулатова А.Т. және тәжірибелерге жауапты Қайранбеков Б.О. жұмыс берушілердің базасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жасалып, әр түрлі компаниялардың жұмыс берушілері шақырылып, түлектерді жұмысқа орналастыруға байланысты, потенциалды жұмыс берушілерге түлектер жайлы мәлімет беру және түлектерге еңбек нарығындағы бос орындар туралы мағлұмат беру мақсатында кездесу өткізілді.