
ПРАКТИКА ЖӘНЕ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ
Практика
Кафедра «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби практиканың барлық түрлерін ұйымдастырады.
Кәсіби практика – білім беру бағдарламаларының міндетті құрамдас бөлігі, студенттердің теориялық білімін нақты өндірістік ортамен ұштастырып, кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға және болашақ кәсіби қызметке тиімді бейімделуге бағытталған.
Кафедра 16 жылдан бері «Rixos President Astana» 5* қонақүйімен тұрақты серіктестік орнатып келеді.
Бұл серіктестік студенттерге халықаралық сервис стандарттары мен басқарудың озық тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар практика қорытындылары бойынша студенттердің есептерін тыңдауға арналған конференциялар және түлектерді жұмыспен қамту мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер жүйелі түрде өткізіледі.
1-курс
Оқу және оқу-танымдық практика Ақмола облысы, Зеренді елді мекеніндегі «Тұмар» оқу-сауықтыру орталығында өткізіледі.
Студенттер туристік, қонақүй және мейрамхана инфрақұрылымының қызметімен, сервис мәдениетінің негізгі қағидаттарымен танысады.
Курстың соңында белсенді туризмнің барлық түрлерін қамтитын оқу-жаттығу жорығы ұйымдастырылып, ұйымдастырушылық, коммуникациялық және практикалық дағдылар қалыптастырылады.
2-курс
Өндірістік практика кафедра базасында және университетпен келісімшарт жасасқан туристік кәсіпорындарда, қонақүйлер мен мейрамханаларда өткізіледі.
Студенттер туристік қызметті ұйымдастыру, қонақүй және мейрамхана кәсіпорындарының негізгі өндірістік үдерістері, клиенттерге қызмет көрсету және сервис сапасын қамтамасыз ету бойынша тәжірибе жинақтайды.
3-курс
Халықаралық практика Tashkent Perfect University (Өзбекстан) университетінде өтеді.
Бұл кезең кәсіби және мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға, халықаралық білім беру және сервистік ортаға бейімделуге бағытталған.
4-курс
Өндірістік және дипломалды практика кафедра базасында және серіктес кәсіпорындарда ұйымдастырылады.
Дипломалды практика бітіру жұмысының тақырыбына сәйкес жүргізіліп, студенттердің басқарушылық, аналитикалық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Нәтижесінде түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие, тәжірибелі және кәсіби дайын маман ретінде қалыптасады.
Еңбекпен қамту
Түлектерді жұмысқа орналастыру міндеті қарқынды міндет болып табылады, ол мынадай факторлармен анықталады:
- жұмыс берушілер тарапынан кандидаттарға қойылатын талаптардың тұрақты өзгеруімен (жұмыс берушілер кешенді міндеттерді шеше алатын әмбебап мамандарға ие болғысы келеді, бұл ретте жаңа міндеттерді шешу мамандардан жаңа білімге ие болуын талап етеді);
- жаңа оқу пәндерінің және қосымша курстардың пайда болуы;
- бар оқу нысандарын дамыту және жаңа оқу нысандарының пайда болуы.
2020 жылдың 26- қарашасында "Kazakh Tourism" ҰК АҚ, Ресей Халықтар Достығы Университетінің Қонақ үй бизнесі және Туризм Институты, Ташкент Мемлекеттік Экономикалық Университетінің өкілдері халықаралық "Жаңа ортамдағы туризм және білім" атты онлайн режиміндегі дөңгелек үстелде бас қосқан болатын.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Туризм» кафедрасы 2019 жылдан бастап «Қонақ үй бизнесі және мейрамхана ісі» оқу бағдарламасы бойынша студенттерді қабылдап, оқыта бастады. Жас мамандарға теориялық білім берумен қатар, алған білімдерді тәжірибе жүзінде жетілдіріп, бекіту мақсатында кафедра тарапынан ауқымды жұмыс атқарылуда. Оған дәлел, 2020 жылдың жаңалықтарының бірі «Mumtaz» мейрамханасында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Туризм» кафедрасының филиалы құрылуы болды.
Бүгінгі таңда кафедраның жұмыс берушілермен серіктестік бірнеше бағытта жүзеге асырылуда:
- практикаға бағдарланған оқытуды дамытуға жағдай жасау мақсатында ұйымдарды білім беру процесіне тарту;
- оқу, өндірістік және дипломалды практикадан өту базасын құру;
- жұмыс берушілерді кафедраның стратегиясын жүзеге асыру үдерісіне тарту, оның аясында олар кафедраның қандай да бір басымдықтарын алға жылжытудың демеушісі бола алады.

«Туризм» мамандығының студенттерінің кәсіптік құзыреттілігінің деңгейі жұмыс бе-рушілер тарапынан әрқашан жоғары деңгейде бағаланады, түлектерді жұмысқа қабылдауды ұсынылады. «Туризм» кафедрасының түлектері еліміздің көптеген жетекші ұйымдарында және қызмет көрсету компанияларында жұмыс істейді. Жалпы алғанда кафедра бойынша бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші жоғары, бітіруші мамандарға еңбек нарығында сұраныс бар.
Туризм кафедрасының түлектерін жұмысқа орналастыру
|
Оқу бітірген жылы |
Мамандықтың коды және атауы |
Түлектердің жалпы саны |
Жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны |
|
|
Саны |
% |
|||
|
2024 |
B091 - Туризм |
74 |
70 |
95 % |
|
B093 – Мейрамхана және қонақ үй бизнесі |
26 |
23 |
88% |
|
|
M147 - Туризм |
20 |
18 |
90 % |
|
|
M149 – Мейрамхана және қонақ үй бизнесі |
6 |
6 |
100 % |
|
|
D143 - Туризм |
10 |
10 |
100 % |
|
2023-2024 оқу жылы бойынша ЕҰУ сайтында жұмыс берушілермен жұмыстың көрінісі
2024-2025 оқу жылы бойынша ЕҰУ сайтында жұмыс берушілермен жұмыстың көрінісі
2023 жылғы 29 қарашада Экономика факультеті «Туризм» кафедрасының «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі», «Туризм» білім беру бағдарламаларының бітіруші курс 91 студенті «Туризм менеджері», «Қонақ үй әкімшісі», «Мейрамхана әкімшісі» біліктіліктерібойынша сертификаттарға ие болды. Сертификаттауды Қазақстан Туристік қауымдастығы (КТА) және Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (Қагир) жанындағы «Қонақжайлылық индустриясының сертификаттау орталығы» ұйымдастырды.
Сертификаттау рәсімі онлайн форматта өткізілді және екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер 100 сұрақтан тұратын теориялық тестілеуден өтуі қажет болды, оның ішінде екінші кезеңге өту үшін кемінде 70 дұрыс жауап жинау міндетті еді. Екінші кезең практикалық бөлім болды, білім алушылардан салалық қауымдастықтармен және «Атамекен» ҚР ҰКП-мен келісілген ситуациялық кейс-тапсырмаларды шешу талап етілді. Сертификаттауды туризм саласындағы қызметкерлер мен жұмыс берушілерді бағалау жөніндегі сарапшылардан тұратын біліктілік комиссиясы қабылдаған болатын.
Сондай-ақ, аталған іс-шараға Түркияның 5* қонақ үйінде «Туризм» кафедрасының 2-ші курс студенттерінің тағылымдамадан өткендігі туралы сертификаттарды тапсыру үшін «FunPlusJob» компаниясының басшылары Волкан Учар, Сағатбек Қымбат шақырылды. Екі тарап арасындағы ынтымақтастықтың арқасында студенттер бірегей мүмкіндік пен баға жетпес тәжірибеге ие болды, атап айтқанда, Анталия мен Бодрум қонақ үйлерінде Guest Relation, әкімші, ресепшн, аниматор, F&B Staff позицияларындағы жұмыс өтілін жинақтады.
Сертификаттар Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Байжұман Қашқынбайдың, Мансап және бизнес-әріптестік бөлімінің бастығы Гүлнұр Смагулованың, Экономика факультетінің деканы Аида Жагыпарованың, «Туризм» кафедрасының меңгерушісі Ляйля Муталиева, «FunPlusJob» компаниясының басшысы Волкан Учар және түлектерді жұмысқа орналастыруға жауапты Куралай Тукибаеваның қатысуымен ресми түрде табысталды. Жоғары оқу орын басшылары студенттерді құттықтап, мансапта табыс тіледі.
Сертификат 2 жыл мерзімге беріліп, КТА, КАГиР реестріне енгізілген. Бұл сертификаттау түлектердің белгілі бір біліктілік бойынша білімі мен құзыреттілігін бағалауға және растауға мүмкіндік берді, ал сертификаттың өзі мамандардың дипломына қосымша құжат ретінде пайдаланып, сәтті жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады. Екі кезеңнен барлық студенттеріміз сәтті өтіп, біліктілік комиссиясының шешімімен келесі студенттерге біліктілік бойынша сертификат берілді (https://www.instagram.com/reel/C0QuakvIIz5/?igsh=MjR4amdramRpbjI4 және https://enu.kz/ru/news/974):
Сертификат алған студенттердің тізімі.
«Туризм менеджері» квалификациясы
- Алимжан Жанбота Алимжанкызы
- Амангелді Рабиға Жанболатқызы
- Әділова Жазира Сәкенқызы
- Базарбай Әсем Назарқұлқызы
- Бөрібаева Даяна Тимурқызы
- Дәулетбек Жалғас Серікұлы
- Досжан Қымбат Көлтайқызы
- Елтай Жаңагүл Қалботақызы
- Жанахметова Умит Бакыровна
- Журабек Мерей Ғалымжанқызы
- Ирсынбет Айсана Нуралханкызы
- Калиева Айым Амирбекқызы
- Келесбай Жаныл Ерғалиқызы
- Мәдибекова Әмина Жанатқызы
- Нурланова Дильназ Рахымджановна
- Салыкова Айдана Кайратовна
- Сарманова Адасай Бахытқызы
- Толеутаева Дильнура Серикболкызы
- Шынжырова Нұрайлым Есенжолқызы
- Абдижанап Айдана Елнұрқызы
- Адалнұр Ақжол
- Ақыш Индира Мақсатқызы
- Ахботина Әмина Нұржанқызы
- Байташова Пернегүл Анарбекқызы
- Балтабаева Лана Ержановна
- Бугетбаева Айнур Дауреновна
- Исаева Аружан Кулахметқызы
- Кульманова Айдана Қуандыққызы
- Камбарова Алиана Ерболкызы
- Махан Зере Шығысқызы
- Мукашева Зарина Талгатовна
- Муратбекова Диназ Муратбекқызы
- Муталипов Ақмерей Жанибекұлы
- Өтеміс Ләзат Қасымханқызы
- Салкенова Томирис Галиденқызы
- Фатай Нұрлы Қайсарқызы
- Шәризат Бақжәнар
- Айметова Нозима Рустам кизи
- Бимендина Елдана Асылбекқызы
- Болатқызы Венера
- Ешмұратова Ұлбосын Ерболқызы
- Жидебаев Алан Серикұлы
- Қасқырбай Элмира Қорғанқызы
- Милка Ксения Викторовна
- Сагадиева Саида Нурлановна
- Сеитова Асель Ерлановна
- Султанбеков Нурдаулет Сапарович
- Токашева Карина Кайраткызы
- Туманбаева Нурайлым Айдосовна
- Абдрахманова Альбина Парахатовна
- Азаматқызы Аймен
- Айтбаева Айжан Талғатқызы
- Алтынбекова Жансая Алтынбекқызы
- Есен Шакизада Қайрошқызы
- Жолимова Амина Асимжановна
- Жумабай Алишер Бахытулы
- Жумабайқызы Аяжан
- Жүсіпбек Әсем Мұратқызы
- Игисинова Аяулым Ердосовна
- Ильясова Адина Талгатбековна
- Искендиров Алмас Тулеубаевич
- Какжанова Ажар Саятовна
- Михлибаев Сеитжан Маратович
- Наупадинова Алла Мереевна
- Нұрбек Аян Жақанұлы
- Талгатова Назерке Талгатовна
- Танаткан Гаухар Еркинкызы
- Шалабаева Камила Сериккызы
- Шумакова Анель Кажмиденовна
«Қонақ үй әкімшісі», «Мейрамхана әкімшісі»
- Батырхан Камилла Русланқызы
- Долгополов Игорь Александрович
- Қожахмет Фариза Асланқызы
- Сабырбаев Мирас Бейбітұлы
- Ерболат Айгерім Ерболатқызы
- Жексенбаева Айжан Саятқызы
- Жекен Медина
- Кеңесбек Аружан Қанатқызы
- Құмарова Гүлім Амандыққызы
- Сансызбай Сымбат Бақтиярқызы
- Оразалы Сымбат Бақытжанұлы
- Шортанбаев Олжас Советович
- Әділхан Алмаз Ерниязұлы
- Жаппасбаева Амина Берікқызы
- Жусупов Ербол Дарханович
- Кенжебек Назерке Әнуарқызы
- Никоненко Кристина Максимовна
- Сарсенова Адиля Искандеровна
- Сатаев Олжас Байболсынович
- Чайковская Екатерина Александровна
- Батталова Арай Саяхатовна
- Кали Жансая
Туризм кафедрасының "жұмыс берушілер" базасы
Жұмыс берушілердің алғыс хаттары мен пікірлері 2019-2020
Жұмыс берушілердің алғыс хаттары мен пікірлері 2020-2021
Жұмыс берушілердің алғыс хаттары мен пікірлері 2021-2022
Жұмыс берушілердің алғыс хаттары 2022-2023
Жұмыс берушілердің пікірлері 2022-2023
Жұмыс берушілердің алғыс хаттары 2023-2024
Жұмыс берушілердің пікірлері 2023-2024
