
ПРАКТИКА ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Мемлекеттік аудит кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік практиканың бірнеше түрі бар: Оқу, Өндірістік, Дипломдық, Педагогокалық, Зерттеу.
Практика кәсіптік практиканы өткізу туралы ынтымақтастық келісім-шарттары негізінде жүзеге асырылады. Кәсіптік практика базаларымен келісім-шарттар практика басталуынан кем дегенде бір ай бұрын жасалуы қажет. Егер білім алушы практика базасы болып табылмайтын ұйымда практика өткісі келсе, практикадан үш жақты келісім-шарт негізінде өтуге болады.
Ынтымақтастық туралы келісім-шарттар (жаңартылған тізім 2023-2024жж)
Зерттеу, талдау, тиімділікті бағалау орталығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы
Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы
Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы
Қазақстанның кәсіби бухгалтерлері мен аудиторларының ассоциациясы
Сауда және интеграция министрлігі
«Қазпочта «Общий Центр обслуживания» АҚ
Қарағанды облысы бойынша экология департаменті
Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
Жасалған келісім-шарттар негізінде факультет бойынша практика түрі, өту орны, мерзімі және жетекшісі көрсетілген ұсыныс дайындалады (практиканың басталуынан 3 апта бұрын). Ұсыныс факультет бойынша практика жауапты тұлғамен және факультет деканымен бекітіледі.
Егер білім алушыда академиялық қарыз немесе айырмашылық болған жағдайда, практика каникул уақыттарында өткізілуі қажет. Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелдік әріптес жоғары оқу орындарында білім алу кезінде практиканы сол жақта немесе оған дейін жеке жасалған график бойынша өту мүмкіндігі қарастырылған.
Практика басталар алдында білім алушы сәйкес кафедрадан кәсіби практиканы өту бойынша бағдарлама, жолдама, жұмыс жоспар-кестесі, күнделік-есеп алуға міндетті, сонымен қатар практикадан өту бойынша жалпы нұсқаулықтар мен кеңестер беріледі.
Практиканың барлық түрлері бойынша білім алушы кафедраға практика жетекшісі тексерген есеп тапсырады және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Қорытынды баға электрондық ведомостьке енгізіледі және қағаз түрінде тіркеу офисіне қорғаудан кейін бір күн ішінде тапсырылады.
Қорытынды конференция кезінде білім алушылардың практика базалары бойынша кешенді есептері мен үлгі ретінде үздік есептер қарастырылады және практиканы ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар, сонымен қоса ескертулер, оларды жою жолдары, практика бойынша қорытынды бағалар талқыланады.
Практиканы өткізу мерзімдері оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес белгіленеді.
2023-2024 оқу жылындағы практика бойынша ақпарат мен тәжірибе өтудің кестесі осында.
«Мемлекеттік аудит» кафедрасы түлектерінің жұмысқа орналасуы
«Мемлекеттік аудит» кафедрасы түлектерін жұмыспен қамтудың басты мақсаты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі ішкі аудит қызметтерін жоғары кәсіби деңгейдегі жас мамандармен қамтамасыз ету, сонымен қатар түлектердің кәсіби дамуына үлес қосу, экономиканың әртүрлі салаларындағы жоғары дәрежедегі кәсіби мамандарға деген сұранысын қанағаттандыру, университет рейтингін арттыру болып табылады.
Универститеттің жұмыс берушілермен қарым-қатынасы – еңбек нарығында университет түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді механизмдерінің бірі болып табылады. Кафедра түлектерді жұмыспен қамту жүйесін іске асырудың бірнеше әдістерін қолданады:
- Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы тарапынан түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша тұрақты түрде қызмет ететін жүйе жұмысы;
- студенттер мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынасын орнатуға бағытталған бос орындар жәрмеңкесіне және қала әкімдігі ұйымдастырған басқа да іс-шараларға студенттер мен түлектердің қатысуын қамтамасыз ету;
- студенттер мен түлектердің мәліметтер қорын қалыптастыру;
- жұмыс берушілердің өтініштерін қанағаттандыру үшін түлектердің мансаптық өсуін бақылау;
- қаланың жетекші ұйымдарының өтініші бойынша кафедраның магистранттарымен кездесулер ұйымдастыру;
- білім беру, ғылым және жұмыспен қамту саласында ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу;
- жұмысқа орналасу мүмкіндігімен кәсіптік (диплом алдындағы) практиканы өту туралы келісімдер жасасу.
Жыл сайын кафедра бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Бос орындар жәрмеңкесі студенттерге жұмыс орындарына баруға көмектеседі. Олар жұмыс берушілермен әңгімелесуге, мамандық бойынша бос орындардың қандай екенін білуге, оларға қандай талаптар қойылатындығын біле алады. Бұл студенттерге еңбек нарығында өзін-өзі бағалауға көмектеседі және осылайша жұмыс іздеу процесін тиімдірек қылуға ықпал етеді.
Тәжірибе көрсеткендей, осындай іс-шаралар жастарды жұмыспен қамтудың тиімді әдісі болып табылады. Жәрмеңкеде студенттер бос жұмыс орындарын таңдап, болашақ жұмыс берушілерге сауалнама немесе резюме қалдырады, олармен жұмыс мәселесі шешілгенге дейін үнемі байланыста болады. Бір күн ішінде бірнеше жұмыс берушілермен сұхбаттасуға, кәсіптік оқыту немесе жұмысқа орналасу жөнінде кеңестер алуға және кәсіптік бағдар бойынша тестілеуден өтуге болады.
«Мемлекеттік аудит» кафедрасының түлектерін жұмысқа орналастыру
|
Бітірген жылы |
Бакалавриат |
Магистратура |
Докторантура |
|||
|
Түлектердің жалпы саны |
Жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны/ % |
Түлектердің жалпы саны |
Жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны/ % |
Түлектердің жалпы саны |
Жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны/ % |
|
|
2025 |
26 |
92% |
6 |
100% |
3 |
100% |
|
2024 |
10 |
90% |
14 |
100% |
4 |
100% |
|
2023 |
37 |
91% |
16 |
100% |
4 |
100% |
|
2022 |
68 |
95% |
16 |
81% |
7 |
100% |
|
2021 |
73 |
92% |
16 |
100% |
5 |
100% |
|
2020 |
36 |
100% |
37 |
89% |
5 |
100% |
|
2019 |
- |
- |
36 |
81% |
1 |
100% |
|
2018 |
- |
- |
6 |
100% |
- |
- |
