
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ/АККРЕДИТАЦИЯ
«Мемлекеттік аудит» кафедрасы «бакалавриат – магистратура – докторантура» деңгейлерінде келесідей білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады:
Бакалавриат: «Мемлекеттік аудит», «Экологиялық аудит»- Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және білім алушыларды даярлау сапасын және тиісті білім беру технологиясын іске асыруды қамтамасыз ететін материалдарды қамтиды. Бағдарламаны игеру мемлекеттік аудитор жұмысының этикалық қағидаларын сақтай отырып, кәсіби қызметті жүзеге асыруға, кәсіби қызметтің қоғамға және қоршаған ортаға әсері үшін жауапкершілік алуға мүмкіндік береді.
6В04121 «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының Даму жоспарының негізгі мақсаты – оны жұмыс берушілердің және қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін жеке және кәсіби қызметтегі жетістіктерді ескере отырып, университеттің көзқарасына, миссиясына және стратегияларына сәйкес жетілдіру, білім беру бағдарламасында болашаққа нақты бағдар бере отырып, кадрларды даярлау бағытын көрсетеді.
6В04121 «Мемлекеттік аудит» Білім беру бағдарламасы негізінде Л.Н. атындағы Еуразия ұлттық университетінің негізгі стратегиялық даму бағыттарын ескере отырып, 6В04121 «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасы бойынша Түлек моделі әзірленді.
Магистратура: «Мемлекеттік аудит» (Даму жоспары, Түлек моделі) - Білім беру бағдарламасы Экономикалық ғылым саласындағы тұжырымдамалық білімдерді және мемлекеттік аудитті ұйымдастырудың ерекше аспектілерін меңгерген магистранттарды дайындаудың мақсатын, нәтижелерін, шарттары мен технологияларын қарастырады. Бағдарламаны игеру бітірушіге еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға және лауазымдық позициялардың кең ауқымына, ғылыми және академиялық ортада, мемлекеттік аудит жүйесінде, сондай-ақ экономиканың нақты да, мемлекеттік секторларының ұйымдарында мансаптық өсуге мүмкіндік береді.
Докторантура: «Мемлекеттік аудит» (Даму жоспары, Түлек моделі) - Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы ғылым мен тәжірибені дамытудың қазіргі заманғы үрдістеріне сәйкес келетін идеяларды генерациялауға қабілетті, ғылыми білімдерді өзектендіруде қазіргі заманғы ғылыми әдістермен жұмыс істей алатын, мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін бағалау мен талдауға объективті, кешенді тәсілдеудің практикалық дағдыларына ие инновациялық-кәсіптік қызмет саласында әдіснамалық білімдерді меңгерген басқарудың жоғары буынының ғылыми және практикалық қызметкерлерін даярлаудың мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін регламенттейді., тұрақты кәсіби өзін-өзі жетілдіруге және өмір бойы жаңа білім алуды қарастырады.
«Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламалары Foundation for International Business Administration Accreditation (FIBAA) және тәуелсіз аккредиттеу мен рейтинг агенттігімен (IAAR) аккредиттелген. FIBAA - бұл еуропалық, халықаралық деңгейдегі, сапа кепілдігі және жоғары білім сапасын жақсарту жөніндегі агенттік. FIBAA (ресми сайт) Германия, Швейцария, Нидерланды, Қазақстан, Австрия сапа кепілдігі агенттігі ретінде танылған. IAAR (ресми сайт) Еуропалық EQAR сапа кепілдігінің тізіміне енгізілген және ENQA жоғары білім берудегі сапа кепілдігінің Еуропалық қауымдастығының толық мүшесі болып табылады.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГТАРЫ
БАКАЛАВРИАТ
| Жыл | Білім беру бағдарламасы | Элективті пәндер каталогы |
| 2025ж қабылдау | 6B04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2024ж қабылдау | 6B04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2023ж қабылдау | 6B04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2022ж қабылдау | 6B04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2021ж қабылдау | 6B04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2020ж қабылдау | 6B04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2019ж қабылдау | 6B04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
МАГИСТРАТУРА
| Жыл | Білім беру бағдарламасы | Элективті пәндер каталогы |
| 2025 ж қабылдау | ||
|
2024 ж қабылдау |
||
| 2023 ж қабылдау | 7M04120 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2022 ж қабылдау | 7M04120 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2021ж қабылдау | 7M04120 Мемлекеттік аудит 2 жыл | Пәндер каталогы |
| 2020ж қабылдау | 7M04120 Мемлекеттік аудит 2 жыл | Пәндер каталогы |
| 2019ж қабылдау | 7M04121 Сыртқы және ішкі мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
ДОКТОРАНТУРА
| Жыл | Білім беру бағдарламасы | Элективті пәндер каталогы |
| 2025 ж қабылдау | 8D04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2024 ж қабылдау | 8D04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2023 ж қабылдау | 8D04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2022 ж қабылдау | 8D04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2021ж қабылдау | 8D04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2020ж қабылдау | 8D04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |
| 2019ж қабылдау | 8D04121 Мемлекеттік аудит | Пәндер каталогы |


















