
Материалдық-техникалық база
«Қаржы» кафедрасы білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды дайындау 5 оқу корпусында жүргізіледі. Оқу ғимараты заманауи оқу жиһазымен, компьютерлік техникамен, дәстүрлі және мультимедиялық тақталармен, стендтермен, зертханалық құралдармен, көрнекілік стендтермен қамтылған.
|
№ |
Аудиториялар мен кабинеттердің атаулары |
Аудитория |
Орын саны |
Ауданы |
|
1 |
Арнайы кабинет |
112 |
60 |
60 |
|
2 |
Арнайы (компьютерлік) кабинет |
824 |
30 |
40 |
Кафедраның аудиториялары заманауи жиһазбен, компьютерлік техникамен және мультимедиалық тақталармен жабдықталған.
Білім алушылар мен оқытушылар үшін білім алуға қажетті жедел ақпараттар университеттің интернет пен желілік желіге шығуға қамтылған компьютерлік сыныптардың, ЕҰУ сайты қойылады.
«Қаржы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру барысында материалдық-техникалық база мен ақпараттық ресурстардың болуы мамандарды кәсіби даярлаудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Университет басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрам материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстардағы білім беру бағдарламаларының қажеттіліктерін талдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің арасындағы ынтымақтастық байланыс туралы Меморандум аясында кафедрада салықтық әкімгершілік бойынша бағдарламамен қамтылған 12 компьютермен жабдықталған мамандандырылған оқу кабинеті ашылды. 2011 жылы 6D050900 – «Қаржы» мамандығы бойынша PhD докторантурада білім беруге лицензия (23.07.2011ж. АБ №0137482) алды.
Ұлттық валюта – тенгенің 25-жылдық мерей тойына сый ретінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде арнайы кабинеттің ашылу салтанаты 2018 жылдығ 21 қарашасында болды. Экономикалық факультеттің ашық ректорат кеңістігінде өткізілген форумында «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі Галымжан Керимбек тематикалық аудиторияны перезентациялады. Проректор Асемгуль Молдажанова және Ректорат мүшелерінің қатысуымен «Қаржы» кафедрасының профессоры Д.Мажитовтің коллекциясы Қазақстанның 1993 жылғы ең бірінші монеталарымен банкноталарының көрмесімен, ұлттық валютаның шығу тарихымен таныстырылды. Ол жерде ірі тұлғалармен ұлттық валютаның қауіпсіздігі жайлы ақпараттар берілді. Экономика факультетінің деканы, «Қаржы» кафедрасының профессоры С.Макыштың дамыған елдердің ұлттық монеталарымен банкноталарының коллекциясы ұсынылды. Сонымен қатар «Қаржы» кафедрасының оқытушыөпрофессорлық құрамның ғылыми еңбектерімен жетістерінің көрмесі өткізілді.
