
Ғылыми жұмыс
«Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасы экономикалық ғылымды, кәсіпкерлікті, логистиканы, адами капиталды, цифрлық трансформацияны және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын дамытуға бағытталған ғылыми-зерттеу қызметін белсенді жүзеге асырады.
Кафедрада қазіргі экономикалық ғылымның негізгі бағыттарын қамтитын келесі ғылыми мектептер жұмыс істеуде және дамуда:
- жиынтық адами капиталды дамыту;
- Қазақстанның экономикалық дамуы;
- ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және логистикалық модельдер;
- мұнай-газ секторы және инвестициялық саясат;
- қалалық инфрақұрылымды цифрландыру және Smart City;
- зияткерлік меншік және экономиканың инновациялық дамуы.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы «Бизнес және басқару» (6D050600-Экономика, 8D04106-Аналитикалық экономика, 8D04102-Экономика) кадрларды даярлау бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған диссертацияларды қорғау жөніндегі университеттің Диссертациялық кеңесінің мүшелері, докторанттардың ғылыми кеңесшілері болып табылады, сондай-ақ ресми рецензенттер ретінде диссертацияларды қорғау бойынша рәсімдерді жүргізуге және талқылауға қатысады.
Орындалатын ғылыми жобалар
|
№ р/с |
Жетекшінің аты-жөні |
Тақырып атауы |
Тапсырыс беруші және қаржыландыру көзі |
|
1. |
Раимбеков Ж.С. |
АР19677634 "Қазақстан аумағында тез бұзылатын тамақ өнімдерін жеткізудің логистикалық инфрақұрылымын және тұрақты тізбегін дамыту" |
ҚР ҒЖБМ ҒК, Республикалық бюджет, гранттық қаржыландыру, 2023-2025 жылдар |
|
2. |
Майдырова А. Б. |
AP26103857 "Адами капиталдың қосылған құнын экономикалық бағалау және оның өмір сапасына әсері" |
ҚР ҒЖБМ ҒК, Республикалық бюджет, гранттық қаржыландыру, 2025-2027 жылдар |
|
3. |
Ергалиев Р.Е. |
AP22686491"Қазақстанда ет өнімдерін жеткізу тізбегі мен логистикада блокчейн технологияны пайдалану моделін әзірлеу және әлеуетін бағалау". |
ҚР ҒЖБМ ҒК, Республикалық бюджет, гранттық қаржыландыру, 2024-2026 жылдар |
|
4. |
Калиева С.С. |
AP22686421 "Білім беру мекемелерінде тамақ қалдықтарын кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу". |
ҚР ҒЖБМ ҒК, Республикалық бюджет, гранттық қаржыландыру, 2024-2026 жылдар |
«Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметі жарияланым белсенділігінің өсуімен, ғылыми мектептердің дамуымен, оқытушылар мен білім алушылардың халықаралық ғылыми кеңістікке белсенді қатысуымен және ғылыми нәтижелердің білім беру процесіне интеграциялануымен сипатталады.
Негізгі сандық көрсеткіштер
|
№ |
Көрсеткіштер |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
1. |
Марапаттардың жалпы саны |
2 |
- |
2 |
|
2. |
Кадрлардың ғылыми дәрежесі ( %) |
96 |
96 |
96 |
|
3. |
ПОҚ жарияланымдарының жалпы саны: соның ішінде Web of Science және Scopus-қа кіретін журналдарда |
36 9 |
64 10 |
47 9 |
|
4. |
Web of Science және Scopus-қа кіретін журналдарда мақалалар жариялайтын ПОҚ үлесі (%- бен) |
48 |
39 |
22 |
|
5. |
Факультетте ұйымдастырылған және өткізілген ғылыми іс-шаралар саны |
11 |
6 |
4 |
|
6. |
Білім алушылардың жарияланымдарының жалпы саны: |
75 |
62 |
66 |
|
оның ішінде студенттердің: |
19 |
20 |
11 |
|
|
магистранттар: |
17 |
24 |
27 |
|
|
докторанттар: |
39 |
18 |
28 |
|
|
7. |
Республикалық және халықаралық ғылыми жобалар конкурстарында жеңіске жеткен білім алушылардың жалпы саны: |
11 |
16 |
18 |
|
оның ішінде студенттердің: |
8 |
13 |
14 |
|
|
магистранттар: |
1 |
3 |
4 |
|
|
докторанттар: |
2 |
- |
- |
|
|
8 |
Жарияланған монографиялар саны: |
1 |
5 |
3 |
|
оның ішінде қазақ тілінде;: |
1 |
1 |
1 |
|
|
орыс тілінде: |
- |
2 |
2 |
|
|
ағылшын тілінде: |
- |
2 |
- |
ЖЫЛДЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЕСЕПТЕРІ
Жылдық ғылыми-зерттеу есебі 2023
Жылдық ғылыми-зерттеу есебі 2022
Жылдық ғылыми-зерттеу есебі 2021
Жылдық ғылыми-зерттеу есебі 2020
Жылдық ғылыми-зерттеу есебі 2019
Ғылыми клуб «Ystyq Shelpek»
2019 жылдың қараша айынан бастап «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасында «Ystyq Shelpek» ғылыми клубы жұмыс істейді. Клуб мүшелері – кафедраның оқытушылары, докторанттары және қалауы бойынша магистранттары, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Экономика факультетінің басқа кафедраларының ППҚ мен докторанттары, Қазақстан Республикасының және шетелдік жоғары оқу орындарының оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушылары.
Клубтың негізгі мақсаты – әлемнің үздік экономикалық журналдарында мақалаларды оқу, талқылау және жариялау арқылы экономикалық зерттеулер саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды дамыту.
Клубтың негізгі қызмет бағыттары:
-
Әлемнің он үздік экономикалық журналы бойынша мақалалар талқыланатын «Ystyq Shelpek» ғылыми семинарын ұйымдастыру және өткізу. Семинар барысында жоғары сапалы 15 мақала жетекші әлемдік экономистердің еңбектері бойынша талқыланды;
-
ЕҰУ сайты немесе басқа депозитарийлер (мысалы, ub.uni-muenchen.de) арқылы Клуб мүшелерінің экономикалық мақалаларын Working Papers жүйесі бойынша жариялау (депонирлеу). mpra.ub.uni-muenchen.de репозиторийінде Клуб мүшесінің алғашқы мақаласы жарияланды: https://mpra.ub.uni-muenchen.de/105084/ (MPRA Paper No. 105084);
-
Заманауи экономикалық әдебиеттерді оқу арқылы Клуб мүшелерінің ғылыми әлеуетін арттыру, «Аса талапшыл экономист кітапханасы» базасында әлемнің жетекші университеттерінің және экономика саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарының еңбектерінен құралған заманауи әдебиеттер жинағын пайдалану;
-
Жоғары рейтингті экономикалық ғылыми журналдарда Клуб мүшелерінің мақалаларын жариялауға ықпал ету. Клуб мүшелері мен докторанттардың көпшілігі өз мақалаларын Scopus тізіміндегі журналдарға жіберді.
2022–2023 жылдары семинарға қатысуға шетелдік университеттер мен ғылыми ұйымдардың өкілдері қызығушылық танытты. Атап айтқанда, семинарларға Камен Спассов Величков (Болгария) – Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) қызметкері және дипломатиялық кеңесшісі, Ярослав Култан, PhD, Братислава экономика университетінің профессоры (Словакия) және басқа да мамандар қатысты. Клубтың өткен семинарлары туралы ақпарат Экономика факультетінің ресми сайтында (ef.enu.kz) жарияланады.
Ғылыми клубтың жылдық есептері
