
Докторантура бағдарламасы
8D04102-Экономика білім беру бағдарламасының 2025-2027 жж. арналған даму жоспары
8D04102-Экономика білім беру бағдарламасының 2022-2024 жж. арналған даму жоспары
БББ 8D04102 Экономика, 2021 ж.
8D04102 - "Экономика" ББ қабылдау 2020 ж.
Түлектердің кәсіби қызмет саласы: Өндірістік-экономикалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-аналитикалық, ғылыми-педагогикалық
Түлектердің кәсіби қызмет объектісі: Ұлттық компаниялар (квазимемлекеттік сектор), шағын, орта және ірі кәсіпорындар, меншікті бизнес, ұйымдар мен кәсіпорындардың аналитикалық орталықтары, ЖОО, ғылыми-зерттеу институтары мен орталықтар, мемлекеттік мекемелер
Түлектердің кәсіби қызмет функциялары мен түрлері: Өндірістік-экономикалық: экономикалық жоспарлау, смета құру, өндірістік процестерге талдау жүргізу;
Ұйымдастушылық-басқарушылық: ұйымның қаржылық- экономикалық және әкімшілік қызметіне қатысты мақсаттарды, міндеттерді анықтау және белгілеу; білікті кадрларды даярлау жоспарын жасау;
Ғылыми-зерттеу: инновациялық жобаларды дайындау; жобалық құжаттарды, бағдарламаларды, ғылыми жобаларды әзірлеу;
Ғылыми және аналитикалық: күтілетін өзгерістердің мониторингі мен болжамдарды және экономикалық үрдістерді дамыту; ақшалай қаражат кірісін, тауарлы-материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды есепке алу;
Ғылыми-педагогикалық: оқу орындарында оқытудың заманауи әдістерін қолдана отырып оқыту.
«8D04102 – Экономика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) келесідей лауазымдарда қызмет атқара алады: Экономист; экономист-аналитик; экономист-зерттеуші; зерттеуші-ғалым
«Ыстық Шелпек» ғылыми клубы
2019 жылдың қараша айынан бастап экономика факультетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасы «Ыстық Шелпек» ғылыми клубының (бұдан әрі – Клуб) ұйымдастыруымен «Ыстық Шелпек» атты ғылыми семинар өткізуде. Ол кафедраның доценті, PhD докторы Мырзахмет Ж.Қ. және PhD докторанты Мырзахмет М.Қ. (2019 ж. қабылдау) бастамасымен құрылды. Клуб мүшелерінің құрамына Экономика және кәсіпкерлік кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттары, қалауы бойынша магистранттары, сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, сонымен қатар Қазақстандағы және шетелдегі басқа факультеттер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, қызметкерлері және студенттері қатысты.
Клубтың негізгі мақсаты – мүшелердің экономика бойынша әлемдік жетекші академиялық журналдарда мақалаларды оқу, талқылау және жариялау арқылы экономикалық зерттеулерде теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгеру.
Клубтың негізгі қызметі мыналарды қамтиды:
- «Ystyq Shelpek» атты ғылыми семинарды ұйымдастыру және өткізу, онда әлемнің үздік он экономикалық журналының мақалаларының тұсаукесері – жетекші экономистердің 15 жоғары сапалы мақаласы ұсынылды;
- Жұмыс құжаттары жүйесі (депозит) арқылы ЕҰУ веб-сайтында немесе mpra.ub.uni-muenchen.de сияқты басқа депозитарийлерде клуб мүшелерінің экономика туралы мақалаларын жариялауды ұйымдастыру. Клуб мүшесінің бірінші мақаласы, MPRA Paper № 105084, mpra.ub.uni-muenchen.de репозиторийінде жарияланған: https://mpra.ub.uni-muenchen.de/105084/ MPRA Paper № 105084;
- «Өміршіл экономист кітапханасының» дереккөздерін оқу арқылы заманауи экономикалық әдебиеттерді оқуға ынталандыру клубының мүшелері – әлемнің жетекші университеттерінің, соның ішінде экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттарының экономика бойынша заманауи оқу әдебиеттерінің кітапханасы құрастырылды;
- Жоғарыда аталған іс-шаралар арқылы осы және басқа жоғары бағаланған экономикалық журналдарда клуб мүшелерінің мақалаларын жариялауға ықпал ету – көптеген клуб мүшелері мен докторанттар өз мақалаларын Scopus тізіміне енген журналдарға жіберіп қойған.
2022-2023 жылдары семинарға қатысуға шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдері қызығушылық танытты. Қатысушылар арасында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) қызметкері және дипломатиялық кеңесшісі Камен Спасов Величков (Болгария), PhD докторы, Братислава Экономикалық университетінің профессоры (Словакия) Ярослав Култан және т.б. Өткен клуб семинарлары туралы ақпарат Экономика факультетінің ef.enu.kz сайтында жарияланған.
«Ыстық Шелпек» клубының Жарғысы 2022 жылғы 29 наурыздағы №24594 авторлық куәлікпен куәландырылған. АК Ystyq Shelpek 2022
Докторантура бағдарламасы бойынша сарапшылардың пікірлері:
2021 Экспертное заключение 1,2
2022 Экспертное заключение 1,2
2023 Экспертное заключение 1,2
