
Материалдық-техникалық база
Материалдық-техникалық база
ЕҰУ бакалавриат, магистратура және докторантура бағыттары бойынша кадрлар даярлау үшін барлық қажетті ресурстарға, ғылыми-техникалық және эксперименттік базаға ие. Техникалық ресурстар мен зертханалардың құрылымы, құрамы және саны жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының талаптарына және басқа да жарғылық қызметтерге сәйкес анықталады. Оқу, ғылыми және мамандандырылған зертханалар компьютерлік техникамен, қажетті жабдықтармен, дидактикалық материалдармен, техникалық және аудиовизуалды оқыту және көрнекі құралдарымен қамтамасыз етілген.
Кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлау ЕҰУ-дың оқу-зертханалық корпусында жүзеге асырылады, жалпы ауданы 1220,29 ш.м. құрайды. Пайдалы оқу алаңы қолданыстағы санитарлық нормаларға және білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Білім алушылармен сабақтар оқу-зертханалық корпустың аудиторияларында сабақ кестесіне сәйкес, сондай-ақ кафедра мен Экономика және туризм жоғары мектебіне бекітілген аудиторияларда өткізіледі. Аудиториялардағы орын саны оқу процесі мен профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің қажеттіліктеріне сәйкес келеді.
Барлық оқу корпустарында Wi-Fi желісі жұмыс істейді. Интерактивті тақта және проектормен жабдықталған компьютерлері бар аудиториялар бар, олар «Platonus» оқу процесін автоматтандыру жүйесіне біріктірілген. Оқу корпусында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін лифтілер мен пандустар қарастырылған. Оқу залдарында пайдаланушылар үшін жергілікті интернет желісіне қосылған дербес компьютерлер орнатылған.
Кафедраға №510, №517, №610 оқу аудиториялары және профессор-оқытушылар құрамына арналған №513, №519, №520 кабинеттері бекітілген. №610 компьютерлік сыныбы зерттеу және практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Компьютерлерде лицензиялық IBM SPSS Statistics, Gretl және Jamovi бағдарламалары орнатылған.
510-аудитория – Әбу Райхан Бируни атындағы Қазақстан-Иран орталығы, теледидармен және интерактивті тақтамен жабдықталған.
517-аудитория – «Жасыл экономика» Қазақстан-Польша ғылыми-зерттеу орталығы, оқу және ғылыми қызметті, сондай-ақ докторлық диссертацияларды қорғауды өткізуге мүмкіндік беретін қажетті техникалық құралдармен және жабдықтармен (камера, теледидар, микрофондар, интерактивті тақта, мәжіліс үстелі, мінбер, компьютерлер, интернет) қамтамасыз етілген.
«Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының білім беру үдерісінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер
(2025–2026 оқу жылына)
| Ғимараттардың (оқу корпустарының) нақты мекенжайы, жалпы және пайдалы алаңы көрсетілген (шаршы метр) | Жабдықталуы туралы мәліметтер | ||||||||
|
Оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған оқу аудиториялары мен пәндік кабинеттер |
Оқыту құралдарымен жабдықталған оқу-өндірістік үй-жайлар, учаскелер, оқу шаруашылықтары |
Зертханалық жабдықтардың тізбесі (түрі мен атауы көрсетілген), соның ішінде виртуалды зертханалар, толықтырылған шындық, интерактивті тренажерлер |
Оқытудың техникалық құралдарының тізбесі, түрі көрсетілген |
Акт залының, спорт залының, кітапхананың мүкәммалы мен жабдықтарының тізбесі |
Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, мамандандырылған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету |
«Симуляциялық кабинеттер» (орталықтар) Мамандандырылған бағдарламалық кешендер* |
Білім беруді басқару ақпараттық жүйесі заманауи дерекқорлармен, ББОЖБ басқару жүйесінің ЕПВО-мен интеграциясы туралы мәліметтер, edu.kz аймағында үшінші деңгейлі домен аты. Интернет жылдамдығы туралы мәліметтер |
Қашықтықтан оқыту жабдықтарының болуы туралы мәліметтер |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
«Экономика және кәсіпкерлік» оқу аудиториясы 35,5 м2 |
610 |
- |
Интерактивті тақта, проектор, компьютерлік сынып |
- |
- |
IBM SPSS Statistics Gretl, Jamovi |
- |
Enu.edu.kz Интернет жылдамдығы 3000 Мбит/сек |
- |
|
«Экономика және кәсіпкерлік» оқу аудиториясы 54,3 м2 |
517 |
- |
Интерактивті тақта, проектор |
- |
- |
- |
- |
Enu.edu.kz Интернет жылдамдығы 3000 Мбит/сек |
- |
|
«Экономика және кәсіпкерлік» оқу аудиториясы 36 м2 |
510 |
- |
Интерактивті тақта |
- |
- |
- |
- |
Enu.edu.kz Интернет жылдамдығы 3000 Мбит/сек |
- |
