
Оқытудың инновациялық әдістері
«Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының ПОҚ мамандарды даярлаудың барлық бағыттары (бакалавр, магистратура, докторантура) бойынша оқытудың интерактивті және инновациялық әдістерін пайдаланады. Білім алушылардың белсенділігінің жоғары деңгейімен сипатталатын нақты проблеманы шешу тәсілдері туралы еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа негізделген білім алушылардың танымдық қызметін ынталандыратын оқыту әдістерін пайдалануға көп көңіл бөлінеді. Бұл әдістерге «ми шабуылы», проблемалық оқыту, пікірталас, кросс-пікірталастар, жобалау әдісі, рөлдік және «іскерлік» ойындар және т.б. жатады.
Дәріс және практикалық сабақтарды өткізу барысында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқытудың интерактивтік және инновациялық әдістерін қолданады:
- э.ғ.д., профессор А.Б. Майдырова экономикалық модельдерді құру әдістерін, кейс-стади, ситуациялық есептерді шешуді қолданады;
- э.ғ.д., профессор Р.А. Байжолова сабақ тақырыбына сәйкес кейс-стади, ситуациялық есептер мен «ми шабуылы» әдістерін қолданады;
- э.ғ.д., профессор Ж.С. Раимбеков докторанттармен практикалық сабақтар өткізу кезінде кейстер, экономикалық-математикалық модельдер, өндірістік жағдайды талдау әдістерін қолданады;
- э.ғ.д., профессор У.Ж. Шалболова «Ұлттық экономика» пәні бойынша докторанттардың елдің экономикалық дамуын ресми статистикалық деректер арқылы анықтау мақсатында зерттеулер жүргізуіне байланысты әдістерді пайдаланады, онда докторанттар өздерінің зерттеу тақырыбына сәйкес қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу жолдарын қарастырады, сондай-ақ сабақтар рөлдік және іскерлік ойындар түрінде өткізіледі.
Докторантурада ғылыми зерттеулер мен кафедра профессорларының гранттық жұмыстары негізінде авторлық курстар оқылады.
Бакалавриат пен магистратурада оқытудың мынадай инновациялық әдістері қолданылады: дебаттар, іскерлік ойындар, сыни ойлау әдістері, «ми шабуылы» немесе пікірталас әдісі, жағдайды талдау әдісі және т.б.
Оқу процесінде автоматтандырылған тексеру мен нәтижелерді бағалауды қамтамасыз ететін арнайы әзірленген электрондық білім беру ресурстарымен толықтырылған бақылаудың барлық мүмкін ұйымдастырушылық нысандары қолданылады.
