
Білім беру бағдарламалары
БАКАЛАВРИАТ
6B04114-ҚАРЖЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАР МАТРИЦАСЫ
Бакалаврларды 6В04114-Қаржы мамандығы бойынша дайындау 2004 жылдан қазақ және орыс тілдерінде күндізгі түрі бойынша жалпы базалық, орта кәсіптік білім және жоғары білім оқытылады. Білім қызметі Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің 26.04.2004 берген, серия № 0000031 лицензиясы бойынша қызмет атқарады. Берілетін академиялық дәреже экономика және бизнес бакалавры “Қаржы” мамандық бойынша. Оқу мерзімі 4 жыл.
6В04114-Қаржы мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет саласы: Кәсіпорындарды басқару, қаржылық ресурстарды басқару, тәуекелдерді басқару, бизнесті ұйымдастыру мен жоспарлау, нарықтар, қаржылық және ақпараттық ағындар, банк ісі, бағалы қағаздар, сақтандыру, салық салу, бюджет, қазынашылық. Қаржы бакалаврлары қаржыны басқарумен және ұйымдастырумен, микро- және макроденгейлерде ақша- кредит және – кредит және фискалдық саясатты жүргізумен шұғылданады. Осы профильдің бакалаврлары компанияның қаржылық жай-күйіне талдау жүргізуі, табыстарды көбейтуге, шығындар мен тәуекелдерді азайтуға жәрдемдесуі, нарыктың сапалы қаржылық қызметтер көрсету қажеттілігін қанағаттандыруы тиіс.
6В04114-Қаржы мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет объектілері: республикалық және аумақтық деңгейдің мемлекеттік органдары болып табылады: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарынының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі, министрліктер мен ведомствалардың қызметтері, банктер, биржалар; бюджеттік мекемелер мен ұйымдар, инвестициялық қорлар, әр түрлі ұйымдық –құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілері, экономикалық соттар,сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдары.
“Қаржы” мамандығының студенттері теориялық оқумен бірге белсенді студенттік өмірге қатысады. Біздің студенттер белсенді түрде ғылыми конференцияларға, әр түрлі сайыстарға, спорттық ойындарға, сонымен қатар академиялық мобилділік шеңберінде шет елдерде білім алуда, алған білімін практикада кеңінен қолдануда. Бұл біздің түлектердің практикалық қызметке дайындығын білдіреді.
6B04109-МЕМЕЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2019
6B04109-МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЭПК 2019
6B04114 - ҚАРЖЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2020
6В04113 - БИЗНЕСТІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ
6В04116 - ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ АНАЛИТИКА
6B04114 - ҚАРЖЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2021
6В04114 - ҚАРЖЫ ОҚУ БАҒДАЛМАСЫ 2022
БББ 2025 6В04114 Қаржы (2).pdf
МАГИСТРАТУРА
7М04114 - ҚАРЖЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАР МАТРИЦАСЫ
Магистранттарды 7М04114 - «Қаржы» мамандығы бойынша дайындау 2009 жылдан басталды және мемлекеттік лицензия негізінде АБ № 0137482 5 сәуірдің 2011 жылында берілген лицензия негізінде 7М04114-«Қаржы» (оқу мерзімі 1 жыл, 2 жыл) (Бұйрық №212 05.04.2011 жылы ККСОН ҚР БҒМ).
Қазіргі уақытта кәсіптік дайындық 2 бағыт бойынша жүргізіледі:
- Ғылыми-педагогикалық бағыт, мамандық шифры 7М04114 «Қаржы» оқу мерзімі – 2 жыл, экономика ғылымдарының магистры атағы беріледі.
- Кәсіптік бағыт, мамандық шифры 7М04114 «Қаржы» оқу мерзімі – 1 жыл, экономика және бизнес магистры атағы беріледі.
7М04114 -Қаржы мамандығы бойынша магистрдың кәсіби қызмет саласы: қаржылық- басқару қызметі, аналитикалық, ғылыми –зерттеу қызметі. Ұйымның қаржы ресурстарының қозғалысын басқаруды және қаржы қатынастарын реттеуді ұйымдастырады, ұйымның қаржы стратегиясын және қаржы тактикасын дамытуды қамтамасыз етеді, болашақ және ағымдағы қаржы жоспарларының жобаларын әзірлеуге, баланстық және ақша қаражаттарының бюджетін болжауға мүмкіндік береді.
7М04114 - Қаржы мамандығы бойынша магистрының кәсіби қызмет объектілері: ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, өндіріс және шаруашылық, басқару, қаржы және сараптама қызметтері ұйымдар мен бөлімшелер, кәсіпорындар, бизнес құрылымдар.
7М04114 - ҚАРЖЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2020
7М04114 - ҚАРЖЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2021
7М04114 - ҚАРЖЫ ОҚУ БАҒДАЛАМАСЫ 2022
ДОКТОРАНТУРА
8D04114 -ҚАРЖЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАР МАТРИЦАСЫ
Докторанттарды 8D04114 - Қаржы мамандығы бойынша дайындау Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің берілген лицензиясы бойынша 05.04.2011 жылы, АБ серия № 0137482. Лицензияға қосымша № 0111548. Оқу мерзімі – 3
Бәсекеге қабілетті, бірақ ынталандыратын білім беру ортасының жоғары академиялық стандарттарға сәйкес қаржы саласында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау Қазақстан мен басқа елдердің үздік студенттеріне тартымды.
8D04114 -Қаржы мамандығы бойынша философия докторының (PhD) кәсіби қызмет саласы: кәсіпорындарды басқару, жобаларды басқару, қаржы менеджменті, тәуекелдерді басқару, бизнесті ұйымдастыру және жоспарлау, нарықтар, қаржылық және ақпараттық ағымдар, банк, бағалы қағаздар, сақтандыру, салық салу. кәсіпорындарды басқару, жобаларды басқару, қаржы менеджменті, тәуекелдерді басқару, бизнесті ұйымдастыру және жоспарлау, нарықтар, қаржылық және ақпараттық ағымдар, банк, бағалы қағаздар, сақтандыру, салық салу.
8D04114 - Қаржы мамандығы бойынша философия докторының (PhD) кәсіби қызмет объектілері: ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, өндіріс және шаруашылық, басқару, қаржы және сараптама қызметтері ұйымдар мен бөлімшелер, кәсіпорындар, бизнес құрылымдар.
8D04114 ҚАРЖЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2020
8D04114 ҚАРЖЫ ЭПК 2020
8D04114 ҚАРЖЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2021
8D04114 ҚАРЖЫ ЭПК 2021
8D04114 ҚАРЖЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2022
8D04114 ҚАРЖЫ ЭПК 2022
БББ 2025 8D04114 Қаржы (2).pdf
БІЛІМ БЕРУДІҢ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІНДЕ "ҚАРЖЫ" КАФЕДРАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН
ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ
5B050900-ҚАРЖЫ БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ 2022-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ
6M050900-ҚАРЖЫ БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ 2022-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ
6D050900-ҚАРЖЫ БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ 2022-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ
