
7M04125 – «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша практика базасына бару

2026 жылғы 9 сәуір күні 7M04125 – «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық аккредиттеу рәсімі аясында сарапшылар тобының қатысуымен практика базаларының бірі – «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына бару жүзеге асырылды. Аталған ұйым Қазақстан Республикасының газ саласындағы жетекші ұлттық компания болып табылады және ішкі, сондай-ақ халықаралық газ нарығында мемлекеттің стратегиялық мүдделерін білдіреді. Сапар барысында сарапшылар тобына компанияның қызметі мен басқару жүйесі, корпоративтік басқару ерекшеліктері, кадрлық саясат және персоналды дамыту тәжірибесі таныстырылды. Сонымен қатар, білім алушылардың өндірістік практикадан өту мүмкіндіктері көрсетілді. Атап айтқанда, практика базасында білім алушылар үшін арнайы жұмыс орындары қарастырылған, олардың мамандықтарына сәйкес нақты тапсырмалар берілетіні, сондай-ақ үздік нәтиже көрсеткен практиканттарды жұмысқа қабылдау мүмкіндігі бар екендігі атап өтілді. Сондай-ақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігіне ерекше назар аударылды. Сапар қорытындысы бойынша сарапшылар практика базасының білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтіп, жоғары баға берді.
