
Тұран университетінің докторанты ЕҰУ студенттеріне дәріс оқыды





Зерттеу тәжірибесі аясында Туран университеті «8D04101 (6D050600) – Экономика» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Нұртаза Алтынай Нұртазақызы 2-курс студенттеріне «Қазақстан экономикасын әртараптандыру: даму институттарының рөлі» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында шикізаттық емес секторды ынталандырудың негізгі тетіктері, ұзақ мерзімді несиелеу құралдары және отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін қолдау мәселелері қарастырылды.
Өзінің ғылыми зерттеуі аясында докторант экономиканың құрылымдық трансформациясының теориялық тәсілдерін және қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы әртараптандырудың өзекті бағыттарын айқындады.
Қазақстанның Даму Банкі-дегі жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, докторант ірі инвестициялық жобаларды қаржыландырудың практикалық мысалдарымен бөлісіп, даму институттарының ұлттық экономиканың құрылымдық трансформациясындағы рөлін көрсетті.
