
Менеджмент кафедрасында практика қорытындылары қабылданды



2026 жылғы 27 және 31 наурыз күндері Менеджмент кафедрасында магистранттар мен докторанттардың практика қорытындылары қабылданды. 2026 жылғы 19 қаңтар – 21 наурыз аралығында «7M04125 – Менеджмент» білім беру бағдарламасының білім алушылары өндірістік практикадан, ал «7M04103 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының магистранттары педагогикалық практикадан өтті. 2026 жылғы 5 қаңтар – 28 наурыз аралығында «7M04117 – Инновациялық менеджмент», «7M04103 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «7M04101 – Менеджмент» білім беру бағдарламалары бойынша магистранттар зерттеу практикасынан өтті. Сонымен қатар, 2026 жылғы 19 қаңтар – 28 наурыз аралығында «8D04119 – Жобаларды басқару» білім беру бағдарламасының докторанттары зерттеу практикасынан, ал «8D04117 – Инновациялық менеджмент» білім беру бағдарламасының докторанттары педагогикалық практикадан өтті. Практика барысында білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби құзыреттерін жетілдірді. Практика есептерін қорғау жоғары деңгейде өтіп, білім алушылар өздерінің кәсіби даярлығы мен зерттеу дағдыларын көрсетті.
