
«Мырзагелді Кемел тағылымы: Ой, өріс, өркениет» атты зияткерлік сайыс



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 30 жылдық мерейтойы аясында 2026 жылғы 26 ақпанда «Менеджмент» кафедрасы білім алушыларға арналған «Мырзагелді Кемел тағылымы: Ой, өріс, өркениет» атты зияткерлік сайыс өткізді. Сайыс мазмұны Мемлекет қоғам қайраткері, ғалым Мырзагелді Кемелдің «Абзалдық әліппесі» және «Ойшыл» еңбектері және еңбек жолы негізінде ұйымдастырылды. Зияткерлік сайысқа университеттің барлық факультеттері мен жоғары мектептерінің 1–3 курс білім алушылары қатысып, өзара білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды. Сайыс командалық форматта өтті. Әр команда 2–3 білім алушыдан құралды, сондай-ақ әртүрлі курс білім алушыларынан құралған аралас командалар да қатысты. Іс-шараға арнайы қонақтар ретінде Мырзагелді Кемелдің жары Зиба апай және ұлы Бақытжан Мырзагелдіұлы қатысып, қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар университет басшылығы тарапынан да қолдау көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды. Атап айтқанда, қауымдастырылған профессор Нурманова Ж.К., ЭТЖМдиректорының м.а. Жагыпарова А.О., «Менеджмент» кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы білім алушыларға сәттілік тілеп, мұндай іс-шаралардың жастардың зияткерлік және тұлғалық дамуына маңыздылығын атап өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды – «Қаржыгер», 2 орынды – «Өркениет парасаты», 3 орынды «Самға» және «Ой кемелдері» командалары иеленді, үздік нәтиже көрсеткен командаларға университет және Бақытжан Мырзагелдіұлы атынан арнайы сыйлықтар табысталды. Іс-шара білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, рухани құндылықтарға қызығушылығын күшейтуге және олардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға оң ықпал етті.
