
7М04120 «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының магистранты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті педагогикалық практика аясында дәріс және практикалық сабақтар өткізді





2026 жылғы 25 ақпанында 7М04120 «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Рапилбекова А.Ғ. педагогикалық практика аясында B145-4121-23-02 тобының бакалавриат студенттеріне «Салық аудиті» пәні бойынша «Салықтық тексерулер: түсінігі мен түрлері» тақырыбында дәріс және практикалық сабақтар өткізді.
Сабақтың мақсаты – студенттерге салықтық тексерулер түрлері бойынша түсінік қалыптастыру.
Дәрістің барысында түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту әдістері, оқу материалын презентациялау, нормативтік актілерді талдау және практикалық жағдайларды қарастыру қолданылды.
Практикалық сабақ интерактивтік оқыту әдістерімен өткізілді: ситуациялық тапсырмаларды шешу, кейс-анализ жасау, топтық талқылау және студенттердің сұрақтарына жауап беру.
Интерактивті форматта аталған дағдыларды аудитордың кәсіби қызметінде қолданудың практикалық мысалдары қарастырылды.
