
7М04120 «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының магистранты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті педагогикалық практика аясында дәріс және практикалық сабақтар өткізді





2026 жылдың 25 ақпанында 7М04120 «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Касенова А.К. педагогикалық практика аясында B145-4121-23-02 тобының бакалавриат студенттеріне «Қаржылық есептілік аудитінің негіздері» пәні бойынша «Қаржылық есептілік аудитіндегі тәуекелдерді басқару жүйесі» тақырыбында дәріс және практикалық сабақтар өткізді.
Сабақтың мақсаты – студенттерге қаржылық есепті аудиттің тәуекелдерін басқару жүйесі туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ осы дағдыларды практикалық қолдану қабілеттерін дамыту.
Дәріс сабағында түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту әдістері, оқу материалын презентациялау, нормативтік актілерді талдау және практикалық жағдайларды қарастыру қолданылды.
Практикалық сабақ интерактивтік оқыту әдістерімен өткізілді: ситуациялық тапсырмаларды шешу, кейс-анализ жасау, топтық талқылау және студенттердің сұрақтарына жауап беру.
Интерактивті форматта аталған дағдыларды аудитордың кәсіби қызметінде қолданудың практикалық мысалдары қарастырылды.
