
«Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының докторанттары педагогикалық практика бойынша есептерін қорғады

2026 жылғы 11 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Экономика және туризм жоғары мектебінде «8D04121 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының екінші курс докторанттарының педагогикалық практика нәтижелерін қорытындылау іс-шарасы өтті.
Докторанттар педагогикалық практика барысында атқарған жұмыстары бойынша есептерін комиссия алдында қорғады. Білім алушылар практика нәтижелерін таныстырып, жоғары мектепте сабақ беру барысында жинақтаған тәжірибелері туралы баяндады және комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
Экономика және туризм жоғары мектебінің 2026 жылғы 12 қазандағы №180 өкіміне сәйкес есептерді қабылдау жөніндегі комиссияның келесі құрамы бекітілді.
Комиссия төрайымы:
Баржаксина Сауле Бакытовна – «Мемлекеттік аудит» кафедрасының меңгерушісі, PhD.
Комиссия мүшелері:
Сембиева Ляззат Мықтыбековна – профессор, экономика ғылымдарының докторы;
Шахарова Алия Еркімбаевна – профессор, экономика ғылымдарының кандидаты;
Юсупов Ұлғат Болатович – қауымдастырылған профессор, PhD.
Есептерді қорғау барысында докторанттардың педагогикалық практика бағдарламасын орындау деңгейі, есептік материалдарының мазмұны, оқыту әдістемесін меңгеруі және кәсіби-педагогикалық құзыреттерінің қалыптасуы қарастырылды. Комиссия мүшелері ұсынылған жұмыстарды бағалап, докторанттардың алдағы ғылыми-педагогикалық қызметіне қатысты ұсынымдар білдірді.
Педагогикалық практика докторанттардың ғылыми білімдерін оқу үдерісімен ұштастыруына, жоғары білім беру ұйымында сабақ өткізу тәжірибесін жетілдіруіне және зерттеуші-оқытушы ретіндегі кәсіби құзыреттерін дамытуына мүмкіндік береді.
Өткізілген әрбір іс-шара туралы ақпарат университеттің ресми сайтында жарияланған.
