
ЕҰУ «Менеджмент» кафедрасының «Менеджмент» білім беру бағдарламасының студенттері Амиш Ардах пен Әндір Дидар республикалық студенттік жобалар мен зерттеулер байқауында III орын және екі номинацияны иеленді!

ЕҰУ, Экономика және туризм жоғары мектебі, «Менеджмент» БББ студенттері Амиш Ардах және Әндір Дидар ҚР банктер қауымдастығы ұйымдастырған «Жаса, батылдық таныт, жеңіске жет!» атты студенттік жобалар мен зерттеулердің республикалық байқауының финалдық кезеңінде 36 университеттің ішінен 3-дәрежелі дипломмен марапатталып, оған қоса 6 негізгі номинация ішінен: «Серпінді технологиялық идея» және «Ең үздік жетілдірілген жұмыс» атты 2 номинацияны иеленді.
-Студенттік жобалар мен зерттеулердің
республикалық байқауы жасанды интеллект,
киберқауіпсіздік, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, финтех әзірлемелері және қаржы
саласындағы цифрлық шешімдер бағыттары бойынша өтті.
Байқау Алматы қаласындаты Қазақстан-Британ
техникалық университетінің (КБТУ) базасында өтіп, оған еліміздің әр өңірінен 36 команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ЕҰУ командасының, «Банк клиенттерін онлайн-алаяқтықтан қорғаудың цифрлық жүйесі» атты жобасы үздік деп танылып, III орын және 200 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Жеңімпаздарға ҚР банктер қауымдастығы өздерінің арнайы имидждік бағалы сыйларын, қатысқандарын растайтын сертификат және «Ең үздік жетілдірілген жұмыс» номинациясы бойынша Қазақстан қор биржасы (KASE) арнайы дайындаған сыйлықтары мен ақылы тағылымдамаға сертификат табыстады.
Команда мүшелерін және жетекшісі Молдакенова Еркежан Коксегеновнаны шын жүректен құттықтаймыз!
Сондай-ақ, еске сала кетейік, жүлдегерлеріміз республикалық кезеңге дейінгі , университет ішілік іріктеу кезеңде 19 жобадан бас жүлдені иелегенген еді.
