
Бакалавриат, магистратура және докторантура бағытындағы «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламаларына – 10 жыл!

2026 жылы 15 қазан күні «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламаларының 10 жылдық мерейтойына орай Мемлекеттік аудит кафедрасының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Экономика және туризм жоғары мектебінің директоры Капенова Әсемгүл Зарлыхановна, директордың орынбасары Есенова Гүлмира Жексенқызы, кафедра меңгерушілері, «Мемлекеттік аудит» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және бакалавриат білім алушылары қатысты.
Мерейтой аясында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы білім беру бағдарламасының дамуына қосқан үлесі мен кәсіби еңбегі үшін университет ректоры Ерлан Батташевич Сыдықовтың атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Іс-шара барысында білім беру бағдарламасының он жылдық даму тарихы мен жетістіктері баяндалып, кафедраның қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан оқытушылардың еңбегі атап өтілді.
Он жыл ішінде «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салалары үшін білікті мамандар даярлауға бағытталған маңызды білім беру бағыттарының біріне айналды.
Мерейтой кафедраның кәсіби жетістіктерін қорытындылап, білім беру бағдарламасын одан әрі дамытуға және жаңа белестерді бағындыруға бағытталған маңызды оқиға болды.
