
Педагогикалық практика аясында «Комплаенс-тәуекелдерді басқару» тақырыбында дәріс өткізу

2026 жылғы 12 қазанда сағат 15:10-нан 17:00-ге дейін «8D04121 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Темірбекова Л.А. педагогикалық практика аясында «6В04121 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының 4-курс бакалавриат білім алушыларына дәріс өткізді. В145-4121-23-02 тобында «Комплаенс-бақылау» пәні бойынша «Комплаенс тәуекелдерін басқару» тақырыбындағы дәріс ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Әлия Еркімбайқызы Шахарованың жетекшілігімен өткізілді.
Дәріс барысында комплаенс тәуекелдерінің түсінігі, олардың түрлері және комплаенс тәуекелдерін басқару процесінің кезеңдері қарастырылды. Комплаенс тәуекелдерін басқару процесінің әрбір кезеңі кейстік жағдаяттарды талдау арқылы жан-жақты зерделенді. Дәріс схемаларды, кестелерді, суреттерді, теориялық материалдарды, практикалық мысалдар мен кейстерді қамтитын түсіндірмелі-иллюстрациялық материалдарды пайдалану арқылы өткізілді.
