
Педагогикалық практика аясында «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізу» тақырыбында ағылшын тілінде онлайн дәріс өткізу

2026 жылғы 19 қыркүйекте сағат 15:10-нан 17:00-ге дейін «8D04121 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Темірбекова Л.А. педагогикалық практика аясында ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Әлия Еркімбайқызы Шахарованың жетекшілігімен «7М04120 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының магистранттарына арналған «Ішкі мемлекеттік аудит» пәні бойынша «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігінің аудиті» тақырыбында TEAMS платформасында онлайн форматта ағылшын тілінде дәріс өткізді.
Дәріс сабағы барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржылық есептілігінің мәні, аудиттің мақсаты, объектісі, пәні мен міндеттері, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігінің аудит жоспары мен аудит бағдарламасы қарастырылды. Қаржылық есептіліктің негізгі бөлімдерін зерделеуге арналған аудиторлық рәсімдер және шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитін жүргізудің ерекшеліктері зерттелді.
Дәріс барысында материалды проблемалық баяндау әдісі, көрнекілік және түсіндірмелі-иллюстрациялық әдістер қолданылды. Дәріс тақырыптары магистранттармен пікірталас барысында жан-жақты талқыланды.
