
Жарликенова Адина Саматовнаның PhD докторлық диссертациясын қорғауы

2026 жылғы 20 маусымда «Есеп және талдау» кафедрасының аға оқытушысы Жарлыкенова Адина Саматқызының 8D04105 – «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясы сәтті қорғалды.
Диссертациялық зерттеудің тақырыбы: «Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалаудың есептік-талдамалық қамтамасыз етілуі».
Ғылыми жетекшісі – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Аманова Гүлнара Дүйсенбайқызы.
Зерттеу барысында қаржылық және қаржылық емес ақпаратты интеграциялауға негізделген кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалаудың әдіснамалық тәсілі әзірленді, сондай-ақ есептік-талдамалық қамтамасыз етудің авторлық моделі мен кәсіпорынның ұзақ мерзімді перспективада құн қалыптастыру қабілетін кешенді бағалауға мүмкіндік беретін инвестициялық тартымдылықты интегралдық бағалаудың әдістемелік тәсілі ұсынылды.
Диссертациялық жұмысты жария қорғау қорытындысы бойынша диссертациялық кеңес мүшелері зерттеу нәтижелеріне оң баға берді. Алынған нәтижелер ғылыми жаңалығымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленеді және оларды өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметінде, инвестициялық талдау, аудит және стратегиялық басқару салаларында қолдануға болады.
