
«Менеджмент» кафедрасында дипломдық жұмыстарды қорғау сәтті өтті

2026 жылдың 1-6 маусымы аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Экономика және туризм жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасында 6В04101 – «Менеджмент» және 6В04103 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың дипломдық жұмыстарын қорғауы өтті. Дипломдық жұмыстарды қорғау барысында комиссия мүшелері білім алушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жан-жақты бағалады. Білім алушылар өз жұмыстарында қазіргі нарық пен мемлекеттік сектордың өзекті мәселелерін айқындап, жетілдіру жолдарын ұсынды. Аттестаттау комиссиясы бітіруші түлектердің дайындық деңгейін жоғары бағалап, жұмыстардың өзектілігі мен практикалық құндылығына тоқталды. Білім алушыдардың басым бөлігі өз зерттеулерін өндірістік мәліметтерге сүйене отырып жасағанын атап өтті. «Менеджмент» кафедрасының ұжымы барлық бітіруші түлектерді дипломдық жұмыстарын сәтті қорғауымен құттықтайды! Сәттілік пен кәсіби биіктер тілейміз!
