
"Туризм"ББ бойынша педагогикалық практика шеңберінде 2 курс докторанты-Н.М. Хамидуллин дәріс және семинар сабақтарын өткізу

2026 жылғы 20 қаңтарда «Туризм» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Хамидуллин Нурсейл Манапович педагогикалық практика аясында бакалавриат студенттеріне арналған оқу сабақтарын өткізді. Сабақтар «қонақ үй шаруашылығы» бағытына арналды және қонақ үй кәсіпорындарының қызметінің теориялық негіздерін, қонақ үй шаруашылығының нысандары мен жіктелуін, сондай-ақ қонақжайлылық индустриясының қазіргі даму үрдістерін қарастыруды қамтыды. Сабақ барысында Қазақстан Республикасындағы қонақ үй қызметтері нарығын талдауға және халықаралық тәжірибені зерделеуге ерекше назар аударылды. Сабақтарды өткізу кезінде интерактивті оқыту элементтері қолданылып, бұл студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға, талдамалық дағдыларын дамытуға және кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етті.
